Том Лёффлер: Головкин - Канело айқасы осы жылы өтетіндігін сезініп жүрмін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) промоутері Том Лёффлер FightHub берген сұхбатында мексикалық Саул Альварес «Канело» (48-1-1, 34 КО) командасымен болашақтағы айқас жөніндегі келіссөз жайлы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
«Кім не демесін, біз қазір Дэниэл Джейкобспен алдағы жекпе-жекке қызу дайындық үстіндеміз. Егер Геннадий оны наурызда жеңетін болса, ал Канело өз жағынан мамырда басым түссе, онда олардың қыркүйектегі айқасы жөнінде айтуға болады.
Біз жекпе-жекті ұйымдастырамыз деген сенімдеміз. Жеке өз басым, бұл кездесу осы жылы болады деген сезімдемін»,-деді Лёффлер.