Том Лёффлер: «Головкин - Лемье жекпе-жегіне небәрі 292 билет қалды»

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super) және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Лёффлер қарауындағы боксшының осы салмақтағы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы 26 жастағы канадалық Давид Лемье кездесуінің шамамен барлық билеті сатылғанын айтты, деп жазады sports.kz.
None
None

Еске сала кетейік, бұл жекпе-жек 17 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтеді. Оны HBO телеарнасы ақылы трансляция жүйесі (PPV) бойынша көрсетеді.

«Шоу билеттерінің барлығы дерліктей сатылды, - деді промоутер. - Соңғы деректер бойынша бізде небәрі 292 билет қалған». Атап өту керек, Madison Square Garden аренасына шамамен 18 мың көрермен сыяды.

Еске салайық, бұл шоу аясында тағы бір қызықты кездесу өтеді. WBC бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы 28 жастағы никарагуалық Роман Гонсалес шаршы алаңда 34 жастағы Брайан Вилориямен күш сынасады.

Соңғы жаңалықтар