10:15, 23 Маусым 2016 | GMT +5
Том Леффлер: Головкин мен Альварес жекпе-жегі биыл емес, 2017 жылы өтуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Сауль «Канело» Альвареспен ықтимал жекпе-жектің мерзімі жайлы айтты, деп хабарлады Sports.kz.

«Мен Эрикпен (Альварестің промоутерлік компаниясының вице-президенті) дүйсенбі күні кездесіп, әңгімелестім. Олар айқасты 2017 жылы күзде ұйымдастырғысы келеді, деді Леффлер ESPN.com-ға берген сұхбатында. - Бұл 2016 жылы қыркүйекте емес, біз дайындалып үлгермейміз. Жекпе-жек мамырда өткенін қалап едік, бірақ ол өтіп кетті. Геннадийдің Канеломен уақыт оздырмай шыққысы келеді, алайда Golden Boy айқас келесі жылы өтсе, жарнама жағынан барынша ұтатынына сенімді».