Том Леффлер Головкинмен жұмысын тоқтататыны туралы ақпаратқа жауап берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Твиттердегі парақшасында америкалық журналистерге бағытталған бірнеше жазба жариялады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Алдымен Леффлер ESPN журналисі, бұған дейін өзінің Головкинмен жолдары айырылысатынын хабарлаған Дэн Рафаэльге қарата жазды.

«Дэн, GGG бүгін маған мұның сары баспасөз екенін айтты. Сондай-ақ оларға өзі немесе мансабы туралы біздің айтқан сөзімізді дәйек ете ештеңе айтудың қажеті жоқтығын жеткізді. Мұны жазу неткен жауапсыздық еді. Енді жұрт сенің сөзіңді пайдаланып, жалған ақпараттың негізінде тұтас мақалалар жазу үшін қолдануда», - деп жазды Леффлер.

Артынша Леффлер осының алдында Головкиннің отбасында ұл бала дүниеге келетіні туралы айтқан Майк Коппинджерге (The Ring/Fox Sports) өзгелерді құрметтей білу қажеттігін ұқтырды:

«Майк, Головкиннің мансабы туралы қаңқу сөз таратуды доғар да, жаңалықтарды күт. Әлеуметтік желіде GGG-дің жеке өмірі туралы жазба, ол отбасына да, боксқа да үлгеріп жүр. Оған аздаған құрмет білдіріп, біз ресми мәлімдеме жасағанша күте тұр», - деді ол.

Ол сондай-ақ журналист Марк Ортеганың (PBC on Fox) да сыбағасын берді:

«Марк, сен де басқа «медиа» сынды жалған ақпарат таратып жатырсың. «Маймыл көргенін істейді». Бір нәрсе жазар алдында фактілерді тексеріп ал немесе маған қоңырау соқ. Өз промоутерімен келісімшартты бұзуға талпынған Уорд үш рет жеңіліс тапты. TGB Promotions осыны қуана сенің есіңе салады», - деп жазды Леффлер.

Соңғы жаңалықтар
telegram