Том Леффлер: Головкиннің Джонсонмен айқасын ұйымдастырғымыз келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы лидер Геннадий Головкиннің (34-0, 31 КО) істерімен шұғылданатын «K2 Promotions», компаниясы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерстің командасымен көктемгі жекпе-жек жайлы келіссөз жүргізіп жатқан шақта атқарушы директор Том Леффлёр қазақстандық үшін балама нұсқаларды қарастыруда, деп хабарлайды vringe.com.
None
None

Олардың бірі - IBF бойынша міндетті үміткер АҚШ боксшысы Туреано Джонсонмен (19-1, 13 КО) жекпе-жек.

«Бізде әзірше алдын ала келіссөздер жүріп жатыр,- дейді Golden Boy Promotions вице-президенті Эрик Гомес. - Бұл айқас (ұйымның ережесі бойынша) Головкин үшін міндетті және оны біз ұйымдастыруды қалаймыз».

Соңғы жаңалықтар