Том Леффлер: «Уэйдпен келіссөзде кедергілер болған жоқ»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің промоутері Тома Леффлер Доминик Уэйдтің өкілдерімен келіссөз барысында ешбір жағдай туындамағанын айтты, деп жазды Sports.kz.
Еске салсақ, Уэйдтің мүддесін Showtime арнасымен жұмыс істейтін Эл Хэймон қорғайды, ал GGG-де НВО-мен келісімшарт бар.
«Мен мәселені Хэймонмен жұмыс істейтін Том Браунмен тікелей шештім. Келіссөз барысында кедергі болмады, олар мүмкіндікті түсінді. Бұл әлемдегі үздік орта салмақ титулы үшін жекпе-жек екенін білдіреді. Әр қадамды талқылап, айқастың өтуі үшін шегінетін тұстар да болды. Олар біздің шартымызға келісті, алдағы уақытта келісімшартқа қол қойылады», - деді Леффлер Boxing-ке берген сұхбатында.