Томас Бах Геннадий Головкинді жаңа қызметімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM - Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах Геннадий Головкинді Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Бах
Фото: olympic.kz

«Сізге 2024 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Президенті лауазымына сайлануыңызбен шын жүректен құттықтауымды білдіруге және осы қызметте сәттілік тілеуге рұқсат етіңіз. ХОК сіздің ҰОК-пен жемісті ынтымақтастығын жалғастыруға үміт артады және Олимпиадалық қызмет пен Қазақстан спортшыларының мүддесі үшін Сіздің ҰОК-қа өз миссиясы мен күнделікті қызметін жүзеге асыруда қолдау білдіруді және көмек көрсетуді жалғастыруға толық ықтиярыңызда болады. Біз сіздермен жақын арада Лозаннадағы Олимпиада үйінде кездесетінімізге өте қуаныштымыз», - делінген ХОК басшысы Томас Бахтың ресми хатында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин осы жылдың 26 ​​ақпанында Қазақстан Республикасы ҰОК президенті болып сайланды.

Соңғы жаңалықтар