«Томирис» фильмінде басты рөлдегі актриса бірінші сұхбатын берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи картинасындағы басты рөлді сомдайтын Альмира Тұрсын өзінің алғашқы сұхбатын беріп, киноға қалай шақырту алғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Томирис» фильмінде басты рөлдегі актриса бірінші сұхбатын берді

27 жасар алматылық А. Тұрсын оқыған мамандығы бойынша психолог. Ақпан айында оның аталған тарихи фильмде бас кейіпкерді сомдайтыны белгілі болды. Сол кезде патшайым киіміндегі актрисаның фотосуреттері интернет желісінде кеңінен тарап кеткен еді.

Альмира, қол жеткізген басты рөліңізбен құттықтаймын. Сіз осыған дейін киноға түсіп көрмепсіз. Осы кастинг жайында қайдан білдіңіз?  

- Мен бұл жайында әлеуметтік желідегі парақшамнан білдім, яғни онда мені тарихи картинада кейіпкерді сомдау үшін сынақтан өткізуге шақырды. Бастапқыда бұл ұсынысқа қалай әрекет етуді білмей, ойланып қалдым. Бұған дейін киноға және қазақстандық ірі жобаларға да шақырту алған едім, алайда осы ұсыныстарға аса мән бермей келдім. Мен олардан бас тарттым, яғни кейде кейіпкерлер маған сәйкес болмады немесе жұмыстан қолым босамады. Томирис тұлға ретінде маған қызық болды. Сондықтан осы рөлде өзімді сынап көргім келді. Осы орайда кәсіби мамандардың талаптарына сәйкес келгеніме қуаныштымын.

-  Сізді басты рөлге бекіткені жайында ақпарат тарағаннан кейін, 16 ақпанда жарияланған фотосуреттер желіде айтарлықтай танымалдыққа ие болды. Бірнеше апта бойы елімізде сіз жайында айтылып жүрді. Бұл тұрғыда осы жайт қалай әсер етті?  

- Менің әлеуметтік желідегі парақшамды бұғаттап тастаған кезде ғана көпшіліктің назарына іліккенімді алғаш түсіндім. Маған адамдар телефон шалып, хабарламалар жіберіп жатты. Бірінші болып мені туыстарым мен достарым құттықтады. Олар үнемі барлық бастамаларымды қолдап жүреді. Қазіргі кезде өзімді толықтай «Томирис» жобасына арнадым.

Назарымды басқаға шараларға аудармас үшін сұхбаттардан да бас тарттым. Түсірілім кезінде коучингті де тоқтата тұруға тура келді. Сондықтан осындай қарбалас сәтте айтарлықтай танымалдықты сезініп тұрғаным жоқ. Дегенмен де құттықтаулар жазылған хаттар мен хабарламалар әлі де келіп жатыр.
null

-  Түсірілім процесіне бірден қосылып кеттіңіз бе? Әлде актерлік тәжірибеңіз болмағандықтан, бастапқыда қиындықтар туындады ма?

- Мен үшін таңсық салаларды зерттеу үнемі қызық болатын. Әзірге өзімнің кинодағы әсерім туралы айту қиындау. Бірақ та бұл жаңашылдықтар өте қызық болып тұр. Ынта мен қызығушылық болған кезде, түсірілім барысында барлық процестен көңіл көтересің. Сәйкесінше, барша қойылған талаптарды оңай еңсеріп келемін. Енді осы құлшыныстың нәтижесіне киноның тұсаукесерінде баға берерсіздер.

- Сіздің осыған дейінгі кәсібіңіз актерлік ойынға көмектесе алды ма?

- Менде жаңа кейіпкерді сомдауда ерекше әдісім жоқ. Образға кіруге тарихи костюмдер көмектеседі, яғни олардың барлығы өте тамаша дайындалған. Дұрыс таңдалған музыка мен сценариді жете түсіну маңызды деп білемін. Психолог ретінде Томиристің жеке тұлғасын зерттедім. Басты кейіпкердің амалдары мен іс-қимылы себептерін түсіну үшін психологиялық әдістерге сүйендім. Сондықтан психологияның көмегі болды.
null

 - Сіздің үстіңіздегі жауынгер қыздың киімін байқап тұрмын. Өзіңізге ұнай ма?

- Әрине, өте ұнайды. Түсірілімге арнап маған киімнің бірнеше үлгісі дайындалды. Костюмдердің ерекшелігі таңдандырмай қомайды, олардың барлығы табиғи былғарыдан немесе мақтадан жасалған. Осы киімдерді киген кезде, сол дәуірге түскендей әсер аласың. Атап өткенімдей, бұл костюмдер образға кіруге шынымен де көмектеседі. Жалпы, суретшілердің жұмысына, өнеріне сүйсініп отырмын. Киімдегі әрбір элемент белгілі бір мән-маңызға ие. Мысалы, мендегі белдік пен сырғалар нақты себептермен іріктеліп тағылды. Осындай костюммен жүрген кезде жауынгер қыз болу 30-40 пайызға жеңілдей түседі.

- Өзінің сұхбаттарының бірінде режиссер Ақан Сатаев кино түсіріліміне дайындық бірнеше ай бойы жүргізілгенін сөз етті. Сізге қатысты дайындықтар қалай жүрді?

- Бастапқыда, басқаларға секілді мен үшін де кастингтен кім өткені түсініксіздеу болды. Үш-төрт ай осындай келісілмеген күйде болды. Рөлге нақты бекіткеннен кейін ғана тыңғылықты дайындыққа кірістім. Сол жерде екі ай бойы жаттығу шараларымен айналыстым. Алғаш рет салт атпен жүруді үйрендім. Сонымен қатар түрлі трюктерді меңгердім. Айта кетейін, бізді жаттықтырушылар аямады. Барлық іс-қимылдар әскердегідей болды. Менде кинодағы тәжірибем болмағандықтан, актерлік шеберліктен сабақ алдым.
null

- Түсірілім үшін көне түркі диалектілердің бірі жаңғыртылды. Сізге тілді меңгеру қиын болмады ма?

- Шынын айтқанда, тілді меңгеру қиындау болды. Менің ойымша, ол соншалықты қазақ тіліне ұқсас емес. Яғни оны өзім білетін тілдердің ешбірімен салыстыра алмаймын. Түсірілім кезінде тіл сындыруға тура келіп отыр. Бірақ та басқа амал жоқ, үйреніп жатырмын.

- Соңғы сауал. Осы картина бұқараға көрсетілгеннен кейін, сізге басқа фильмдерге түсу туралы ұсыныстар көп болады деген ойдамыз. Осыған дайынсыз ба?  

- Ұсыныстарға қарай шешім жасайтын боламын. Жаңа жобаларға түсу туралы ұсынастар қазірдің өзінде де бар. Ең бастысы, осы бірінші фильм бойынша жұмыстарды лайықты деңгейде атқарып шығу, өйткені бұл туынды мен үшін ауқымды жоба. Кейіннен басқа жобаларды көре жатармыз.

- Әңгімеңізге рахмет!
nullnullnullnull

Автор: 
Майя Теңізбаева