«Томск-Риддер» жолаушылар пойызы қайта қатынауы мүмкін бе

пойыз
Фото: www.gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM – «Томск-Риддер» жолаушылар пойызы қайта қатынауы мүмкін бе? Сенатордың дәл осы депутаттық сауалына Премьер-Министр Олжас Бектенов жауап берді. 

«№391/392 «Томск-Ридддер» жолаушылар пойызы «Российские железные дороги» ААҚ жасақтаған пойыз саналады. «Қазақстан темір жол» ҰК» АҚ аталған жолаушылар пойызының қатынауын қайтадан бастауға бастама жасаған еді. Алайда, РЖД бұл ұсынысқа қолдау білдірген жоқ. Дегенмен, 2024 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Көлік министрлерінің екіжақты кездесуін өткізу жоспарланып отырғанын ескере отырып, күнтәртібіне «Томск-Риддер» жолаушылар пойызының қатынауын қайтадан бастау мәселесі енгізілетін болады», - деді Олжас Бектенов жауабында.

Соңғы жаңалықтар
telegram