13:28, 02 Қазан 2013 | GMT +5
Томскіде әлемдегі ең кішкентай ескерткіш орнатылды
АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Томскіде әлемдегі ең кішкентай ескерткіш орнатылды. Қоладан жасалған саяхатшы бақа мүсінінің ұзындығы небәрі 4,5 см.

Бұл ескерткіш Гиннестің рекордтар кітабына енгізілуі мүмкін.
Ескерткішті жасауды жергілікті шебер Олег Кислицкий қолға алған. Басында ол әлемдегі ең үлкен мүсінді жасамаққа әрекеттенген, алайда шетелдік әріптестерінің жасаған өнерін зерттей отырып, 153 метрлік Будда мүсініне тең келетін ескерткіш салу қолыман келмейтіндігін мойындаған.
Шағын бақа мүсінін жасап шығару үшін ол бір айға жуық уақыт жұмсаған. Алдымен гипстан сұлбасын жасап, кейіннен қоламен құйған.