Тонаушы полицияға арыздануға кеңес берді
АСТАНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат - Калифорния штатындағы Ориндж округіндегі азық-түлік дүкенін тонамақшы болған 18 жасар құқық бұзушы сауда нүктесінің қызметкерлеріне полиция шақыруға кеңес берді,
деп жазады Лента.ру The Orange County Register-ге сілтеме жасап.
Сатушылардың бірі хабарлағандай, жас жігіт дүкенге кіріп, оған: «Ақша бер, немесе полицияға хабарла» деген. Жас жігіттің қолында тапанша болды, бірақ кейін белгілі болғаны, ол муляж екен.
Құқық бұзушының сөзін естіген дүкеннің басқа қызметкері полицияға тонау туралы хабар беретін дабыл нүктесін басады. Ал, дүкен сатушысы жас жігіттің ұсынысынан бас тартпай, 911 құтқару қызметіне телефон шалып, диспетчерге тонау туралы хабар береді.
Сатушы құтқару қызметімен сөйлесіп жатқанда, сатушылардың бірі тапанша ұстаған жігітке демалып, сусын ішуге кеңес береді. Құқық бұзушы салқын шай ішіп, сауда нүктесінің ішінде полицияның келуін күтеді.
Нәтижесінде тонаушы тұтқындалды. Оған тонау жасауға әрекет етті деген айып тағылуда.