Тоңазытылған бөлмеде отырып Италияға жетпек болған 45 мигрант ауа жетпей ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның теңіз әскери күштері Сицилия бұғазында заңсыз мигранттар отырған қайықты қолға түсірді. Құтқарушылар қайықта болған 45 мигранттың қаза тапқанын хабарлады.
Тергеу барысында дәрігерлер мигранттардың ауаның жетіспеуінен көз жұмғанын анықтады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жол бойы олар тоңазытатын бөлмеде отырған екен. Қайықта 611 жолаушы болған. Олар - Африка мен Таяу Шығыстан шыққан келімсектер. Жалпы осы жылдың басынан бері Италия жағалауына бет алған 60 мыңнан астам мигрант құтқарылды, деп хабарлайды 24.kz.