03:14, 17 Қараша 2012 | GMT +5
Тонга жағалауында 200 келі кокаин тиелген кеме анықталды
АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігіндегі аралда орналасқан Тонга Корольдігінің полициясы екі центнер кокаин тиелген кемені анықтады. Оған қоса кеменің бортында өлі адамның денесі табылды, деп хабарлады Утро. ру.
120 млн. доллар тұратын есірткі заты кеменің корпусына жасырылған.
АҚШ-тың есірткімен күрес департаментінің мәліметінше, кеме Эквадордан Австралияға бағыт алған.
Кеме Тонга Корольдігінің полициясы мен австралиялық федералды полиция және АҚШ-тың есірткімен күрес басқармасының бірігіп өткізген операциясы барысында анықталды. Қазіргі уақытта құқық қорғау қызметтері қаза болған адамның жеке тұлғасын анықтауда.