Тони Блердің ұлы Мексика футбол құрамасының агенті болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрінің ұлы Ники Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатына агент ретінде барды.

Тони Блердің ұлы Мексика футбол құрамасының агенті болды

Британдық БАҚ-тардың хабарлауынша, Оксфорт түлегінің жаңа клиенттері - Мексика құрамасының жартылай қорғаушысы Марко Фабиан мен әзірге аты-жөні айтылмай отырған бразилиялық футболшы.

Ресми емес деректерге қарағанда, Ники Блердің қызмет көрсетуі трансфер құнының шамамен 10 пайызын құрайды.

24 жастағы Лондон -2012 олимпиадасының чемпионы Фабианның ауысуы шамамен 10 млн фунт стерлингке бағалануда. Яғни, "Гвадалахара" ойыншысын сатудан Блэрдің ұлы 1 млн. фунт пайда табады.