Тонналап далаға лақтырылып жатқан мал терісі мен жүнін тиімді пайдаланатын жолдар керек

sp;АСТАНА. Қарашаның 5-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Ауыл шаруашылығымен айналысушы мамандар ҚР Президентінен ірі қараның терісі мен тонналап далаға лақтырылып жатқан қой жүнін тиімді пайдалануға болатын тетіктерді қарастыруды сұрап отыр,

Тонналап далаға лақтырылып жатқан  мал терісі мен жүнін тиімді пайдаланатын жолдар керек

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Мемлекет басшысы Н.Назарбаевпен қарашаның 13-і күні болатын тікелей эфирге сұрақтарды қабылдап жатқан Байланыс орталығына аталмыш мәселе бойынша еліміздің әр аймағынан хабарласып, ұсыныстарын түсіріп жатқан фермерлік шаруашылықтар өте көп.

 Олардың арасында Солтүстік Қазақстан облысынан хат жазған Әлібек Туфсеев те бар. «Мен ауылда тұрамын және ауыл шаруашылығымен айналысамын. Бірақ ірі қара малдың терісі мен қойдың жүнін өткізетін жер жоқ. Мұндай байлықты тонналап далаға лақтырып жатқанымыз өкінішті. Біз Солтүстік Қазақстанда тұрамыз, жүнді пималар мен ішіктерге шикізат ретінде пайдалануға болар еді. Бұрын олар Қытайға жөнелтілетін, қазір ол жоқ. Бізге қайта өңдейтін зауыттар қажет деп есептеймін. Мәселені назарыңызға алуыңызды сұраймын. Деніңізге саулық, ұзақ өмір және еңбегіңізге жеміс тілеймін!»,  делінген оның хатында.

 Сондай-ақ Абай ауданы Құндызды ауылының тұрғыны Қайырбек Байтілеуов Елбасына жолдаған хатында:«Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы! Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы тікелей мал шаруашылығымен айналысады, оның ішінде қой шаруашылығымен. 1994 жылдан бері мал өнімі - жүн ешқайда өтпейді, яғни далада жатыр. Мен мал маманы болғандықтан жүн өңдейтін цех ашып, халық тұтынатын заттар шығарсам деймін. Осыған қаражат жағынан көмек жасауыңызды өтінемін», делінген.