Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Top Gear экс-жүргізушісі түсірілім кезінде апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Top Gear және "Головоломы" бағдарламалары бойынша танымал британдық тележүргізуші Ричард Хаммонд ірі жол-көлік апатына ұшырады, деп жазды Life.ru.

Top Gear экс-жүргізушісі түсірілім кезінде апатқа ұшырады

ТЖ Мозамбикте кезекті түсірілім барысында болды. Хаммонд жоғары жылдамдықпен келе жатқан мотоциклден құлап, есінен танды. Оның әріптесі Джереми Кларксон Хаммондтың   ауыр жарақат алғанын айтты.

- Ричард мотоциклінің жылдамдығы өте жоғары болды, оны жұлып әкеткендей әсер қалдырды. Оқиға түсірілім алаңында дүрбелең туғызды», -деді продюсерлердің бірі The Sun газетіне берген сұхбатта.

Бақытқа орай, шоумен медициналық көмекті қажет етпей, түсірілімге қайта оралды.