Топ модель Бибі Шәріпова KAZAKHSTAN KIDS FASHION SHOW балалар көрсетіліміне барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 маусымда Астанада Kazakhstan kids fashion show 2015 эксклюзивті балалар сән үлгісінің көрсетілімі өтеді. Оған белгілі модель Бибісара (Бибі) Шәріпова барады, деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Топ модель Бибі Шәріпова  KAZAKHSTAN KIDS FASHION SHOW балалар көрсетіліміне барады

Kazakhstan Kids Fashion Show'2015 балаларға арналған алғашқы көрсетілім. Оған отандық сәнгерлер мен Қазақстан сән әлеміндегі жаңа есімдер, сонымен бірге батыс фотографтары, дизайнерлері мен сәнгерлер қатысады. Жоба бірегей fashion-форматын құру мақсатын көздейді. Ол баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен соған тәрбиелеуге ықпал етеді.

Баллар сән алаңы театрландырылған қойылымдармен тақырыптық көрсетілімге айналады. Оған барша Қазақстаннан 100-ден астам бала қатысады. Сәнгерлермен жұмысқа хореографтар, қоюшы режиссерлер, журналистер, фотографтар, операторлар қатысады. Арнайы, ұйымдастырушылардың шақыртуы бойынша Астанаға бірнеше күнге Бибісара Шәріпова келеді.

Бибісара Шәріпова Bibi сияқты сән ортасында танымал. Модель бизнесінде 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Степногрск қаласында туып-өскен. Бүгінде сұранысқа ие манекеншілер тізіміне кіріп, әлемдік подиумды жаулады. Нью-Йорк, Милан, Париж, Токио, Бангкок, Гонконг, Сингапур сияқты қалаларда Жоғары сән үлгісі апталығына қатысқан.

Ол Christian Siriano, Salvatore Ferragamo, Fay, Ralph Rucci, Desigual, Carmen Marc Valvo сияқты белгілі сән үйлерінің киімдерін көрсеткен. Өткен жылы күзде Бибісара Токио сән апталығында House of Holland, Tae Ashida и Ne-net сәнді киім коллекциясын ұсынды. Таяуда Bibi супермоделі Uniqlo киімін тігетін жапондық компанияның шырайы болды.

Бибісары портфолиосы Vogue, Grazia, Elle, Harper's Bazaar, Marie Claire журналдарында жарияланған; Benetton, Uniqlo, Salvatore Ferragamo, Puma, Schwarzkopf компанияларымен келісімшарт жасасқан.

13 маусымда «Думан Океанариум» ойын-сауық орталығында Нағима Қайдарованың, I ranni, Catreen Design, Slt&Zm, Asella, Bibisara, KARO MELI, Viva, Dina Lee,Hey baby сән үйлерінің, Әйгерім Қайрат, Айым Айбатыр, SAMIDEL және Итальядан келген арнайы қонақ - Екатерина Иванькованың туындыларын көреміз.