Top Rank басшысы Рамирес пен Головкин жекпе-жегін 2017 жылдың мамырына жоспарлап отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Top Rank компаниясының президенті Боб Арум 2017 жылдың мамырына екінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Хильберто «Зурдо» Рамирестің үлкен жекпе-жегін жоспарлап қойды, деп хабарлады Sports.kz.

Top Rank басшысы Рамирес пен Головкин жекпе-жегін 2017 жылдың мамырына жоспарлап отыр

Boxingnews24.com LA Times журналисі Лэнс Пагмайрдің сөздерін келтіріп: «мексикалықтың қарсыласы орта салмақтағы төрт белдіктің иегері  Геннадий Головкин болады деп күтілуде», - деп жазды.

«Боб Арум хабарлағандай, олар биыл Рамирестің екі кездесуін жоспарлады, кейін мамырда (2017) Геннадий Головкинмен жұдырықтасады деп жоспарланған, - деп жазды Пагмайр өз Твиттерінде.