Топан су 69 адамның өмірін жалмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мьянма үкіметі халықаралық ұйымдардан гуманитарлық көмек сұрап жатыр. Жергілікті тұрғындарға азық-түлік пен киім-кешек қажет, деп хабарлады www.24.kz.
None
None

Онда да су тасып, марқұмдардың саны 70-ке жетіп қалды. 250 мыңға жуық тұрғын баспанасынан айырылып отыр. Жергілікті билік елде төтенше жағдай жариялады. Толассыз жауған муссонды жауын су тасқынына ұласқан. Елде бір аптада жауған жауын мөлшері бір метрге дейін жетті. Жауын-шашын маусымы көрші орналасқан Қытай мен Үндістанда да жалғасып жатыр. Үндістанда табиғат апатынан қайтыс болғандардың саны 75-ке жетті.

Соңғы жаңалықтар