Топар кентінде құны 56 млрд теңгелік жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылуда - Қарағанды облысы

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жұмыс сапарымен Абай ауданында болып қайтты. Топар кентінде аймақ басшысы Басты таратушы энергия станциясында (БТЭС) болып, қысқа дайындық қалай жүріп жатқанын көрді, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты. 

Топар кентінде құны 56 млрд теңгелік жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылуда - Қарағанды облысы

1964 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан станция жылу және электр қуатымен Абай қаласы мен Топар кентін қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ өндірілген электр энергиясы Қарағанды, Жезқазған және Балқаш аймақтарындағы «Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарының жүктемесін жауып отыр. БТЭС-да 16 қазандық және 8 турбо агрегаттар жұмыс істейді, бекітілген электр қуатылығы 613 МВт, жылу қуаты - 300 Гкал/сағ құрайды. Станцияда 1265 адам қызмет етеді. 

Биылғы жылы Топар БТЭС жылыту маусымына дайындау үшін 3,1 млрд теңге бөлінген, оның ішінде негізгі және қосалқы құрылғыларда күрделі жөндеу өткізу үшін - 1,5 млрд теңге, ағымдағы жөндеу жұмыстарына - 1,6 млрд теңге қарастырылған. Кәсіпорын басшыларының мәлімдеуінше, жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр және де жұмыстар бекітілген мерзімде аяқталады. 

null Сонымен қатар энергия станциясында 2026-шы жылға дейін шақталған жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. 2012-2016 жылдары жалпы сомасы 3,4 млрд теңгені құраған бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылған болатын. Екі жыл бұрын энергетиктер қазандық және турбиналық агрегаттарды ауыстыруға кіріскен. Екі жаңартылған агрегаттарды 2018-ші жылдың қазан-қарашасында іске қосу жоспарланып отыр. 

Ағыымдағы жылы құрылғыларды жаңғыртуға 11,8 млрд теңге бағытталған. Барлығы БТЭС-да 6 қазандық пен 4 турбина ауыстырылады. Есептеулер бойынша, жобалардың жалпы құны 56,8 млрд теңгені құрайды. 

- Станцияда қазіргі таңда ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Жаңғырту бағдарламасы үздіксіз жұмыс атқару режимінде іске асырылуда. Бізде заманауи қазандық пен соңғы буын техникасы болып табылатын турбиналық құрылғы орнатылып жатыр. Басқарма толығымен автоматтандырылған болады, - деп атап өтті «БТЭС Топар» ЖШС директоры Владимир Черепанов. 

null Жаңа турбогенератор бұрыңғысына қарағанда үш есе күшті, оның қуаттылығы - 130 МВт. Жалпы жаңғырту жұмыстары 2024-2026 жылдарға қарай энергия станциясының қуаттылығын 833 МВт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Цехтарды қарап шыққан соң Ерлан Қошанв «Крпорация Қазақмыс» ЖШС, басқару компаниясының және «Қазақмыс Энерджи» ЖШС басшылықтарымен жиналыс өткізді. Басқосуда энергонысандардың алдағы жылыту маусымына дайындығы талқыланды: «БТЭС - Топар», Жезқазған және Балқаш ЖЭО, сондай-ақ инвестициялық бағдарламалардың атқарылуы да талқыға түсті. Бюджеттік ұйымдарға көмір жеткізу туралы есеп берілді. Қатысушылар тарифтік саясат мәселесін ортаға салды.

- Бұл тұрғындар үшін ерекше мәселе. Әр қадамдарды ойланып істеу қажет - себепсіз баға көтерулерге жол бермеу керек, - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Облыс әкімі Топарда жылуды есептеу құралдарын орнатуға қатысты, жылыту маусымына дайындық барысын бақылау мәселелерін көтерді. Тағы бір тапсырма Ұлт жоспары - 100 нақты қадамның 51-ші қадамы «АЭК ірілендіру» орындауға қатысты болды. Барлық иесіз қалған және коммуналдық желілерді энергия таратушы ұйымдарға беру қажет.