Топардағы сібір жарасы: Екінші науқастың жағдайы күрт нашарлады

аурухана
Фото: Pexels

Қарағанды облысында сібір жарасы диагнозы расталған тағы бір науқастың жағдайы нашарлады. Ол реанимация бөліміне ауыстырылды. Науқаста тері-қабыну синдромы өршіп тұр, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

«Бүгінгі таңда сібір жарасы диагнозы расталған екі науқас ем алып жатыр. 62 жастағы пациентте түйнеменің терідегі түрі тіркелген. Тері-қабыну синдромының күшеюіне және ісіну көлемінің ұлғаюына байланысты реанимация және қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды. Екінші науқас 41 жаста, инфекция орталығының нейробокс бөлімінде жатыр. Жағдайы орташа ауыр. Толық көлемде ем алып жатыр», — деп мәлімдеді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова.

Еске салсақ, Қарағанды облысының Топар кентінде карантин жарияланды. Елді мекеннен сібір жарасы табылды

Кейін кентте тағы үш адамның осы дертті жұқтырғаны белгілі болды. 

Дәрігерлер бір пациент ауыр халде екенін хабарлады.

Сібір жарасының ошағы анықталған Топар кентінен жеткізілген төртінші пациенттің талдауы теріс нәтиже көрсетті.

Бүгін түнде бір науқас көз жұмды

Соңғы жаңалықтар