Топырақ көшкіні Италиядағы тұтас бір қаланы жойып жіберуі мүмкін
АСТАНА. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат - Италияда топырақ көшкіні тұтас бір қаланы жойып жіберуі мүмкін. Әңгіме Сан-Фрателлодағы елді мекен туралы болып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Бұл шағын қалада екі мың адам тұрып жатыр. Олардың бір жарым мыңы қазір көшірілді. Қалғандарды ықтимал оқиғаны бақылау үшін қаланың шет жерлеріне орналастырылды. Шелектеп құйған жауыннан топырақ көшкіні пайда болды. Сан-Фрателлоға толық жойылып кету қаупі төніп тұр.