Топырақтың құнарлылығы жойылып барады

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Топырақтың құнарлылығы жойылып барады. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзбеков осылай мәлім етті.
None
None

«Топырақ құнарлығы саласында назар аударатын мәселе жеткілікті. Мәселен, 2000-2010 жылдары 17,7 млн. гектар егістік жерлерге жүргізілген агрохимиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша республиканың суарылмайтын егістік жерлердегі қарашірігі төмен аумақтар 60 пайызды, суармалы егістік бойынша 98 пайызды құрап отыр. 1990 жылы 1 гектар егістікке енгізілетін тыңайтқыштар 19 келіні құраса, бұл көрсеткіш 2000 жылы 0,7 келі ал 2010 жылға қарай 4,4 келіні құрап отыр. Осы жұмыстар үшін ауыл шаруашылығы өндірісінде тыңайтқыштарды қолдануды жүйелі жолға қою топырақ құнарлығын арттырудың басты шарттары болып табылады. Бұл жұмысты Ауыл шаруашылығы министрлігімен, жергілікті әкімдермен бірлесіп атқаруымыз керек», - деді агенттік төрағасы.

Оның айтуынша, жер ресурстарының сапалық жай-күйін анықтау мақсатында 1,2 млн. гектар жерге топырақты зерттеу және 850 мың гектар жерге геоботаникалық зерттеу жұмыстары жүргізілген. «Жалпы алғанда қазіргі кезде, агенттік өндірістік кәсіпорындарда әр жылдары жүргізілген аумағы 187 млн. гектар жерлерге топырақ зерттеу жұмыстарын және 153 млн. гектар аумаққа геоботаникалық зерттеу материалдарын орналастырған болатын. Алайда, материалдардың ескіруіне байланысты тиісінше 66,1 млн. және 42 млн. гектар жер бойынша түзету жұмыстары жүргізуді қажет етеді», - деді Ө. Өзбеков.

Соңғы жаңалықтар