Торайғыров атындағы ПМУ құрылыс жасағында 66 сарбаз еңбек етуде
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - С.Торайғыров атындағы ПМУ құрылыс жасағы сарбаздарының саны 66-ға жетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жасыл ел» жобасының жаңа еңбек маусымында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде студенттер қатарынан 66 жас жұмыспен қамтылды», - деді баспасөз қызметінде.
Сарбаздар университеттің және «Баянтау» спорттық-сауықтыру лагерінің аумағын абаттандырып жатыр. Айта кетейік, былтырғы жылы студенттік құрылыс отрядының жұмысына 13 адам тартылған болатын. Сонымен қатар, 2018 жылы жалақы 60 мың теңгені құраған болса, биыл сарбаздардың санынан бөлек жалақылары 96 мың теңгеге жетті. Жалақы мемлекеттік университет пен Павлодар облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарма тарапынан төленеді.