Төрелік етер төрді сыйла

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азаматтарды сот ғимаратында алғаш болып қарсы алатын, тізімге тіркеп кіргізетін - сот приставтары. Өйткені, соттағы тәртіпті бақылау сот приставына жүктеледі. Міне, сондықтан да сот приставының қызметі өте жауапты жұмыс.

Төрелік етер төрді сыйла

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, сот приставына сот отырысы кезінде залда қоғам­дық тәртіпті сақтауды бақылау, бас бостандығынан айырумен бай­ла­нысты емес жазалардың орын­да­луын бақылау, іс жүргізу әре­кет­те­рін орындауда сотқа жәр­демдесу секілді міндеттер жүк­телген.

Мысалы, сот мәжілісіндегі су­дья­лардың, қатысушылар қауіп­сіздігін қамтамасыз ету приставқа жүк­телген. Олардың нақты іс-әре­кет­те­рі­нің сипаты сотпен қан­дай істің қаралып отырғанына (қыл­мыс­тық, азаматтық, әкімшілік), жа­бық не ашық сот мәжілісінде қаралуына байланысты. Мұндайда ша­ғымданушы мен жауапкердің психологиялық ерекшеліктері, жа­сал­ған қылмыстың қоғамға қа­уіпті­лік дең­гейі міндетті түрде ес­керіледі. Сот төрағасының, сот отыры­сына төрағалық етіп отырған су­дья­ның өкімдері ауызша немесе жазбаша түрде беріледі. Бұл өкім­дер сот отырысының не оның қан­дай да бөлігінің басында нақ­ты тәртіп бұзушылықты жоюға бағытталған нұсқамалық болып сана­лады. Сот приставының қорғаушылық функциясын жүзеге асыруы сот пен судьяның сотталушыға және басқа да азаматтарға процессуалдық мін­деттемелер шараларын қол­дану шешімін орындауда көрініс табады. Заңда бұл шаралар, ерік­сіз айдап әкелуден басқасы толық айқындалмаған. Еріксіз айдап әке­лумен қатар, бұл сотталушыны сот залынан қамауға алу, сонымен қатар, сот отырысы кезінде тәр­тіп­ті бұзатын тұлғаларды оты­рыс залынан шығару секілді шешім­дер­ді орындау да приставтардың құзырындағы шаруа. Сот отырысының қатысу­шы­лары мен азаматтардың қауіп­сіз­дігін сақтау мақсатында сот прис­тавы отырысқа дейін сот бөл­ме­лерінің дайындығын тексеруі қажет. Бұл тек сот ғимаратындағы бөл­мелерге ғана емес, көшпелі отырыстарда қаралатын істерде қолданылатын аудиторияларға да қатысты қолданылуы тиіс. Мұндай жағдайда сот приставы отырыс қайда, қандай уақытта, қандай іс қаралатыны жайлы алдын ала ескертуі тиіс. Егер де қылмыстық іс қаралатын болса, сотталушы мен оған қолданған бұлтартпау шарасы жайлы да ескерілуі керек. Алынған ақпаратқа байланысты ол ғимаратпен (аудиториямен) та­нысып, сот қызметінде белгіленген тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты шаралар жасап, судьяны хабардар еткені дұрыс. Сотта әділдік жүзеге асып, тәртіп пен адамгершілік норма­ларын аттамай, құқықтық жүйенің қатаң сақталуы қамтамасыз еті­леді. Ал, сот приставы өзіне беріл­ген құ­қығы мен міндетіне сай сот про­цесі­нің кедергісіз өтуіне септігін тигі­зеді. Міне, сондықтан да сот прис­тавының атқарар жұмысы жауаптылықты, сабырлылықты, білім­ділікті талап етеді. Және төре­лік алаңында қызмет етіп жүрген пристав бұл үдеден шығуға барын салатыны даусыз.