Төрелік және аралық соттың құзыреті кеңейетін болады - Мәжіліс

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төрелік және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Мәжіліс мақұлдаған құжат енді Сенатқа жолданады.
None
None

Аталған заң жобасының мақсаты төрелік және аралық соттың қызметін жетілдіру болып табылады. Бұл ретте, аталған соттардың құзіреті қолданыстағы заңда көрсетілгендей, азаматтық-құқықтық шарттардан емес, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау құқығын беру арқылы кеңейтіледі. Сонымен қатар заң жобасына сәйкес, төрелік және аралық сот адамның өмірі мен денсаулығына, жеке өміріне және отбасы құпиясына қол сұғылмаушылыққа, атына берілген құқыққа байланысты мүліктік емес сипаттардағы дауларды қарауға құқылы болмайды. Бұдан бөлек, халықтың аралық сот жөніндегі ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жұмыс істейтін аралық сот қызметінің шарттары белгіленеді.

Екінші оқылымға әзірлеу барысында заң жобасына бірқатар ұсыныстар енгізілген болатын. Атап айтқанда, депутаттар аралық соттың, төреліктің шешіміне шағым жасау туралы арызды сотқа беру тетігі және оны қарау тәртібін нақтылады. Сонымен қатар, заң жобасымен аралық соттарды мемлекеттік органдар мен мемлекеттік кәсіпорындар жанынан құруға, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің және нарықта үстемдік ететін субъектілер жанынан құруға шектеулер де қарастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар