Төрешілер Головкин-Альварес айқасын қалай бағалауы керек еді

АСТАНА. ҚазАқпарат - TheFightCity.com сайтының тілшісі Саймон Трэверси Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) айқасына төрешілік туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

Төрешілер Головкин-Альварес айқасын қалай бағалауы керек еді

Еске салайық, тең нәтижемен аяқталған айқасқа судьялар мынадай ұпай берген еді: Аделаида Берд - 118-110 Альварестің пайдасына, Дэйв Моретти - 115-113 Головкиннің пайдасына, Дон Трелла - 114-114.

«Иә, көптеген адамдар Головкинді жеңді деп есептейді - мен де солардың қатарындамын», - деп жазды сарапшы.

Оның пікірінше, судьялардың бағалайтын белгілері мынадай болуы тиіс:

1.     Таза панчтар: боксшылардың нақты және заңды соққы беру қабілеттері.

2.     Тиімді агрессия: қарсыласты аңдып, соққыдан қаша отырып, оны ұру қабілеті.

3.     Рингтегі жалпы бақылау: қарсыласына өзінің еркін, стилін және әдісін міндеттеу қабілеті.

4.     Қорғаныс: қарсыласын қателесуге міндеттеу қабілеті.

«Жалпы алғанда панчтар бойынша тең түсті. «Канело» сирек, бірақ таза ұрды, ал GGG - жиі және агрессивті түрде соққы берді. Сондықтан Головкин тиімді агрессияны иеленсе, Альварес жақсы қорғанды. Соңғы тармақ қалды - рингтегі жалпы бақылау. Мені Альварестің икемі таңқалдырды. Ол Головкинді мейлінше сақ болуға мәжбүрлеп, жақсы қарсылық көрсетті және соққылардың кшін кабирледі. Бірақ Геннадий оған бейімделуге мүмкіндік тауып, айқасты бақылауда ұстады. Ол көптеген раундтарда «Канелодан» басым түсіп, өзін жайлы сезінді және өз шарттарын жүргізді», - деп есептейді автор.