Торғайда қазақ күресінен республикалық турнир аяқталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Жанкелдин ауданында қазақ күресінен республикалық турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат timepress.kz сайтына сілтеме жасап.

Торғайда қазақ күресінен республикалық турнир аяқталды

Қазақ күресінен республикалық жарыс  Жанкелдин ауданының Торғай ауылында өтті. Палуандар бәсекесі Шақшақ Жәнібек батырдың 325 жылдығы, Торғай қаласының 150 жылдығы және Жанкелдин ауданының 90 жылдығына арналды.

Палуандар үш салмақ дәрежесінде бәсекеге түсті - 60 келіге дейін, 70 келіге дейін және 70 келіден астам.

60 және 70 келіде үздік шыққан спортшыларға демеушілер тарапынан қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Ал «түйе палуан» бәсекесінде елдің әр түкпірінен келген 20 спортшы күресті. Жартылай финалда жарыс иесі Ғабит Балғынбаев тәжірибелі Мұрат Кинтоновты (Арқалық) жеңсе, танымал бапкер Азамат Ерәділов Амангелді ауданының палуаны Алтынбай Болатовты ұтты.
«Түйе палуан» атағына Балғынбаев пен Ерәділов таласты. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмады. Белдесуде айласын асырған Азамат Ерәділовке автокөлік кілті тапсырылды.