Торонто әуежайында екі ұшақ соқтығысып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадада Торонто қаласындағы Лестер Пирсон атындағы ірі әуежайда жұма күні   екі ұшақ соқтығысып қалды, деп хабарлайды ТАСС.

  Торонто әуежайында екі ұшақ соқтығысып қалды

Абырой болғанда, оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.  WestJet әуекомпаниясы өзінің Twitter-інде  мексикалық Канкуннан келген  Boeing 737-800 ұшағы  тұрақтан енді қозғала бастаған Sunwing әуекомпаниясының ұшағына соғылғандығын жазды. WestJet лайнерінің бортында 168 адам болған. Олардың бәрі эвакуацияланды. Ал Sunwing  ұшағында жолаушылар болмаған.