07:57, 29 Тамыз 2014 | GMT +5
Торонто мэрі оқушыларды жәбірлегені үшін айыпталуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Торонтоның жанжалды қылықтарымен аты шыққан мэрі Роба Фордтың атына тағы да шағым түсті. Бұл жолы оған мектепте футбол бапкері болып жұмыс істеген кезде жасөспірімдерді жәбірлегені үшін айып тағылуда, деп хабарлады Би-би-си.

Торонтоның католиктік мектеп кеңесі жариялаған құжаттарда Форд оқушыларды жаттығу уақытында жануарлардың нәжісіне аунауға мәжбүрлеген, оқушыларды қорқытып, жұмысқа мас күйінде келген.
Өткен жылы Форд бапкерлік жұмыстан ресми шеттетілді. Роб Форд Канада шегінде өткен жылы крэк-кокаин шеккенін мойындағаннан кейін аты көпшілік қауымға тарап кетті.
Оның мінез-құлқына байланысты көптеген жанжалдарға қарамастан, Форд қазанда өтетін мэр сайлауына қайтадан түсуге ниетті.