Торонтода Қазақстан студенттерінің қоғамдастығы ашылды

АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Торонтодағы (Канада) «York» университетінде Қазақстан студенттері қоғамдастығының ашылу рәсімі өтті,

Торонтода  Қазақстан студенттерінің  қоғамдастығы    ашылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қонақтардың алдында сөз сөйлеген Қазақстанның Канададағы Елшісі Ерлан Әбілдинов біздің студенттерді Қоғамдастықтың ашылуымен құттықтап, оларға табыстар тіледі және олардың бастамаларына Елшіліктің жан-жақты қолдау көрсететінін айтты. Рәсімге қатысқан канадалық сенатор Консильо Ди Нино, студенттердің бастамасына қолдау білдіре отырып, келешекте өз тарапынан да қажетті көмектер көрсетуге әзір екенін білдірді. Сондай-ақ сенатор студенттерді Канада Парламентінің жұмысымен танысу үшін елдің бас қаласы ? Оттаваға шақырды. Салтанатты рәсімге «York» университетінің вице-президенті Адриан Шуберт пен Роберт Тиффин қатысты. Шараға қатысқан қонақтар Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының және «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы мәтіндерімен, сондай-ақ біздің республикамыз туралы басқа да ақпараттық материалдармен танысу мүмкіндігіне ие болды. Біздің студенттер қонақтарға өз күштерімен әзірлеген концерттік бағдарлама ұсынды. «York» университеті Канададағы үлкен жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Бүгінде онда 7 мың профессор жұмыс істейді және 50 мыңнан астам студент білім алады, олардың қатарында «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 30-ға тарта біздің отандастарымыз да бар.