Торонтода жолаушылар ұшағы бензин таситын көлікпен соқтығысты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Торонтодағы Пирсон эуежайында Air Canada Jazz ұшағының бензин таситын көлікпен соқтығысуы салдарынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды CBC.
Телеарнаның ақпаратына қарағанда, Торонтодан шыққан әуе кемесі Садбериге бара жатқан, бірақ ауа райының қолайсыздығынан Пирсонға қайта оралған.
Полицияның мәлімдеуінше, ұшақ бортында 51 адам болған.
Келеңсіз жағдай салдарынан бес адам: екі ұшқыш, стюардесса және екі жолаушы зардап шекті.
Бензин таситын көлік жүргізушісіне кінә тағылып отыр.