«Торпедо» екінші плей-офф ойынында «Сарыарқаны» жеңді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда жоғарғы хоккей лигасы чемпионатының екінші 1/8 плей-офф ойынында «Сарыарқа» өскемендік «Торпедомен» кездесті.
Бірінші кезеңде «Торпедо» ойыншысы Евгений Белухин есепті ашты. Екінші жиырма минут ішінде өскемендік Евгений Фёдоров және Александр Шиннің шайбаларына қарағандылық Нериюс Алишаускас және Роман Благой жауап қайтарды. Үшінші кезеңде қақпаға шайба енбеді, деп жазды sports.kz.
1 наурызда Өскеменде «Торпедо» ЖХЛ чемпионатының үшінші 1/8 плей-офф ойынында қарағандылық «Сарыарқамен» ойнайды.
«Сарыарқа» - «Торпедо» 2:3 (0:1, 2:2, 0:0)