22:21, 22 Желтоқсан 2017 | GMT +5
«Торпедо» ЖХЛ-да «Барсты» таза жеңді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғары хоккей лигасы чемпионатының аясында Өскеменде «Торпедо» қазандық «Барс» командасымен ойнады, деп жазады Sports.kz.

Ойынның екінші 20 минутында торпедолық Тэннер Соренсон есеп ашты. Ойынның 3-ші бөлігінде Роман Бердников қонақтардың қақпасынан саңылау тапты.
Сөйтіп, «Барс» - «Торпедо» кездесуі 2:0 (0:0, 1:0, 1:0) есебімен аяқталды.
24 желтоқсанда Өскеменде «Торпедо» самаралық ӘӘК-нің ОСК өкілдерімен кездеседі.