«Торпедо» ЖХЛ-ның плей-офф кезеңінде «Динамо» командасына есе жіберді

Бірінші кезеңде өскемендік Талғат Жайлауов пен ресейлік Артур Чувиляев шайба алмасты. Екінші кезеңнің 20-шы минутында «Торпедо» мүшесі Майк Далхёйсен алаң иелерін алдыға алып шықты. Үшінші кезеңнің жартысында Санкт-Петербург командасының мүшелері Сергей Кузнецов пен Вадим Щегольков меймандарға жеңісті алып берді.
13 наурыз күні ЖХЛ-ның 1/4 плей-офф кезеңінің екінші матчы «Торпедо» мен санктпетербургтік «Динамо» арасында өтеді.
«Торпедо» - «Динамо» Санкт-Петербург 2:3 (1:1, 1:0, 0:2)
Сериялар бойынша есеп: 0:1
Шайбалар:
1:0 - 10:14 Жайлауов (Далхёйсен). Тепе-тең
1:1 - 12:15 Чувиляев (Томилин). Тепе- тең
2:1 - 31:50 Далхёйсен (Архипов, Игнашин). Тепе-тең
2:2 - 40:30 Кузнецов (Тамбиев, Шевченко). Басымдықта 2:3 - 43:51 Щегольков (Карамнов). Тепе-тең
Қақпашылар: Полуэктов - Ложкин
Айып соққысы: 14:16 (2:4, 8:10, 4:2).