Төрт адам зардап шеккен метродағы апатты қалалық комиссия зерттеуде - Алматы
АЛМАТЫ. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Салдарынан төрт адам зардап шеккен Алматы қаласының метросында болған төтенше жағдайды тұрғындарды бақылау және әлеуметтік қорғау бойынша қалалық департаментінің комиссиясы зерттеп жатыр,
деп хабарлайды қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.
Белгілі болғандай, 27 наурыз күні сағат шамамен 20:00-де метрополитеннің екінші кезегінің нысанындағы «Алатау-Сайран» стансасының туннелінде газ-су қоспасы буларының атылуы болды, бірақ ол, абырой болғанда, жанбай қалды. Таулы өндірулер құламай, қазба жүргізгіш кешеннің жабдықтары зақымданбады. «Алматыметроқұрылыс» АҚ-ның «Тоннельдік жасақ» құрылыс-монтаждық басқармасының учаскесінен төрт адам зардап шекті, түрлі дәрежедегі күйіктер алған олар №4 қалалық ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнында Алматы қаласының ІІД Бостандық АІІБ-нің жедел-тергеу тобы тергеу шараларын өткізді. Оқиғаның фактісі бойынша барлық қатысты топтар ақпараттандырылған. Бұл оқиғаның жағдайларын тергеумен және оның себептерін анықтаумен Алматы қаласының ТЖД-нің және басқа органдар өкілдерінің қатысуымен ҚР Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы қаласы бойынша тұрғындарды бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің комиссиясы айналысуда. Аталған учаскедегі жұмыстар тоқтатылды.