19:24, 14 Қараша 2013 | GMT +5
Төрт әлем чемпионы Қазақстандағы үздік боксшы атағына үміткер
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Біржан Жақыпов, Мерей Ақшалов, Данияр Елеусінов және Жәнібек Әлімханұлы Қазақстандағы үздік боксшы атағына үміткер, деп хабарлайды Vesti.kz.

Үздік боксшыны анықтауға дауыс беруді Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы өткізуде. Осы жерде үздік боксшыға дауыс беруге болады.
Айтып өтейік, төрт босшы да Алматыда өткен ӘЧ-да әлем чемпионы атанған болатын. Осы жеңістерінің арқасында бокс бойынша Қазақстан құрамасы 2013 жылғы әлем чемпионатында жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды иеленді.