Төрт атасынан бері шаңғы жасайтын Алтай қазағы: Шаңғы — спорт түрі ғана емес, көлік құралы болған

сламбек сағышұлы
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Шаңғының ең көне мекені — Алтай. Осы аймақта тұратын қазақ халқы байырғы өнерді атадан балаға мұра етіп келеді. Сондай кәсіп иелерінің бірі 70 жастағы Сламбек Сағышұлы Kazinform тілшісіне қар шаңғысының әрі спорт, әрі көлік ретіндегі ерекшелігі жайлы айтып берді.

Сламбек Сағышұлы Алтай ғана емес, алыс-жақын шетелге де шаңғы жасайтын шебер ретінде танымал. Шаңғы тебетіндер мыңдаған шақырымды артқа тастап, арнайы келіп тапсырыс береді.

шаңғы
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

«Байырғы қар шаңғысын жасайтын отбасының өкілімін. Яғни, төртінші ұрпағымын. Бұл өнерді әкемнің жанында жүріп үйрендім. Өз бетімше алғашқы қар шаңғысын 17 жасымда жасадым. Содан бері отбасылық кәсібімізге айналды. Осыдан 20 жыл бұрын шеберхана аштым. Мұнда жабдық жасап қана қоймай, шәкірт те тәрбиелеймін. Бұл ата кәсіпті дәріптеп, дамыту керек деп ойлаймын. Өзімнің екі ұлым бар. Оларды да осыған баулыдым», — дейді ол.

Айтуынша, шаңғы таза табиғи өнімнен ғана жасалады. Сонысымен құнды әрі ерекше.

алтай қазақтары
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

«Жылқы терісімен қапталған қар шаңғысы самырсын мен қайыңнан жасалады. Оның оңайлықпен сына қоймайтын мықтылығы осыдан. Тағы бір айта кететін жайт, қар шаңғыны тек алтайлықтар ғана жасай алады. Оның өлшемі адам бойынан бір қарыс ұзын, ені екі елі болады», — деп түсіндірді шебер. 

Сламбек Сағышұлы Алтай — таулы, қыратты, қысы ұзақ аймақ екенін тілге тиек етті.

шаңғы
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

«Бұл аймақты мекендеген халық үшін шаңғы — спорт түрі ғана емес, қарым-қатынас құралы болған. Бұрындары техника дамымай тұрған заманда қалың қар адам түгілі жануарлардың да ары-бері жүруіне кедергі жасаған. Сондықтан алтайлықтар шаңғыны пайдаланған. Қазірдің өзінде сұраныс жоғары. Жылына 50-ге жуық шаңғыға тапсырыс аламыз. Құны — 1000 юань (68-70 мың теңге)», — дейді шебер.

алтай қазақтары
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

Айта кетейік, биыл «Бір белдеу, бір жол» қазақ-қытай бірлескен бастамасына — 10 жыл.

Осыған орай Қытай елі Орталық Азия мемлекеттерінің БАҚ өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастырды.

сламбек сағышұлы
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform
шаңғы
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform
қытай қазақтары
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform
қандастар
Фото: Алма Мұқанова/Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар