Төрт айда еліміздегі машина жасау саласы 36%-ға өсті – Әлихан Смайылов
«4 айдың қорытындысы бойынша ел экономикасы жақсы өсу қарқынын көрсетіп отыр. Жалпы ішкі өнім көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға өсіп отыр. Эконмиканың базалық салаларында оң динамика сақталып отыр. Өңдеу өнеркәсібі 5,1%-ға өсті. Машина жасауда - 36%, оның ішінде автомобиль жасауда – 41%, локомотив пен вагондар өнідіріснде 64% өсім тіркеліп отыр. Фармацевтикада өсім 4%-ды құрады. Жеңіл өнеркәсіп - 35%, оның ішінде тоқыма өнеркәсібі - 55%, киім-кешек - 8%, былғары өнімдерінің өндірісі 2%-ға өсімді қамтамасыз етті. Азық-түлік және минералды өнімдер өндірісі 8%-ға, дайын металл бұйымдарын шығару 16%-ға өсті. Мұнай өңдеу 3%-ға артты. Сондай-ақ, электр энергиясын өндіру 6%-ға ұлғайды», - деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар, Үкімет басшысы тау-кен өнекәсібіндегі өсім 2% болғанын атап өтті. Ал, құрылыс саласында 15 пайыздан астам тұрақты өсім сақталып отыр.
Үкімет отырысында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жыл басынан бері ел экономикасы 5 пайызға өскенін атап өтті.