Төрт аймақта өзендегі су деңгейі көтеріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кей өңірлерде өзендегі су деңгейі көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төрт аймақта өзендегі су деңгейі көтеріледі

«12-15 мамыр аралығында нөсер жауын жауады деп болжанып отыр. Осыған байланысты Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының және Алматы қаласының іргелес таулы аймақтарында беткейде ағын пайда болуы мүмкін. Өзендерде су деңгейі көтеріледі» делінген хабарламада.