Төрт бала пластик бөтелкелерін байлап, су айдынын жүзіп өтпек болған
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Құтқарушылар судағы кезекті қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар облыстық ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобына сілтеме жасап.
Құтқарушыларға төрт жасөспірім туралы ақпарат 31 шілдеде сағат 15.50-де түскен. 15, 14, 13, 12 жастағы жасөспірімдер өздеріне пластик бөтелкелерін байлап, Усольск су айдынын жүзіп өтпек болған. Олар 21 шілдеде 1980 жылғы ер адам ағып кеткен тұстан суға түскен.
Бұл жерден қарсы беттегі жағаға дейінгі қашықтық 250 метрді құрайды. Балалар жарты жолды жүзіп өтіп, суға бата бастайды. А.И. Носков бастаған құтқарушылар тобы суда әлсіреген балаларға шұғыл жеткен.
Құтқарушылар тобы оларды жағаға шығарып алды. Төртеуіне де психологиялық көмек көрсетілді.