Төрт дүркін әлем чемпионы жол апатынан қаза болды

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Төрт дүркін әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Бесик Кудухов жол апатынан қаза болды.
None
None

Жол апаты кеше түнде Владикавказдан Краснодарға баратын федералды жол бойында орын алды, деп хабарлады Краснодар аймағының дене шынықтыру және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.

Армавир түбінде Кудуховтың машинасына ауыр жүк көлігі соғылған.

Кудухов Краснодар аймағы үшін өнер көрсетті және ол Олимпиада алауын алып жүруі керек болатын.

Еркін стильдегі 27 жастағы даңқты палуан 2008 жылы Бейжіңдегі Олимпиадада қола және 2012 жылы Лондонда күміс жүлдегер атанды.

Ол төрт дүркін әлем чемпионы, Еуропа чемпионы болды. Ресейдің бес чемпионатында алтыннан алқа тақты, деп жазады РБК.

Соңғы жаңалықтар