Төрт елдің дзюдошылары қазақстандықтармен оқу-жаттығу жиынын өткізуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының «БИИК» спорт кешенінде дзюдодан ерлер құрамасына арналған халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халықаралық оқу-жаттығу жиынына Қазақстан спортшыларынан бөлек, 4 елдің дзюдошылары қатысуда.
Атап айтсақ, Әзербайжаннан - 21, Өзбекстаннан - 27, Қырғызстаннан - 18 және Бельгиядан 4 спортшы «БИИК» базасында біліктіліктерін шыңдауда.
Қазақстан дзюдо федерациясы ұйымдастырған халықаралық оқу-жаттығу жиыны 27 наурызға дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық құрама осы оқу-жаттығу жиынынан кейін Тблисиде өтетін Гран-при турниріне қатысады.