Төрт елдің грек-римшілері Шымкентте өзара мықтыны анықтады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысында грек-рим күресінен ел біріншілігі өтті. Қазақстанның дене шынықтыру және спорт саласының құрметті қызметкері, үздік жаттықтырушы Владимир Угрениновке арналған ашық турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан республикаларынан 300-ден астам балуан қатысты. Өзбекстаннан бірден төрт команда бағын сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төрт елдің грек-римшілері Шымкентте өзара мықтыны анықтады

Байрақты бәсекенің ашылуына Азия күрес кеңесінің президенті Дәулет Тұрлыханов қатысты. Сайыста сөз алғандар қазақ күресінің дамуы жолында аянбай еңбек еткен Владимир Угрениновты еске алып, оның әйгілі спорт шеберлерін дайындағанын атап өтті.

10 салмақ дәрежесінде болған сайыс тартысты өтті. Турнир қорытындысында жеңімпаз атанған балуандар:

55 келі:

1 орын - Зайниддин Наширов (Өзбекстан)

2 орын - Дилшоджан Немадов (Өзбекстан)

3 орын - Оллаер Абдикадиров (Өзбекстан)

3 орын - Ихтер Ботиров (Өзбекстан)

 

60 келі:

1 орын - Ғалым Қабдынасаров (Алматы облысы)

2 орын - Дияс Күсербай (Алматы облысы)

3 орын - Бек Тоқтоғұл (Қырғызстан)

3 орын - Мухоммад Юсупов (Өзбекстан)

 

63 келі:

1 орын - Нұржан Нұрғалиев (Алматы)

2 орын - Иса Исаев  (Қызылорда облысы)

3 орын - Нұрсұлтан Махмұзов (Қырғызстан)

3 орын - Тілек Әсембаев (Ақтөбе облысы)

 

67 келі:

1 орын - Махмуд Бахшулаев (Өзбекстан)

2 орын - Н. Кенешбеұлы  (Қырғызстан)

3 орын - Дамир Ғабдулин (Ақмола облысы)

3 орын - Н. Асикеев (Қырғызстан)

 

72 келі:

1 орын - Рахат Сағынбай (Қызылорда облысы)

2 орын - Дәулет Ларенов  (БҚО)

3 орын - Алежон Хусайнов (Өзбекстан)

3 орын - Умид Ганиев (Өзбекстан)

 

77 келі:

1 орын - Диас Кәлен (Алматы облысы)

2 орын - Бахтовар Хасанов (Тәжікстан)

3 орын - Диас Кәлел (Павлодар облысы)

3 орын - Ердос Рахмет (Қызылорда облысы)

 

82 келі:

1 орын - Леонид Проскурович (ОҚО)

2 орын - Абубахир Алимов  (Өзбекстан)

3 орын - Азат Салидинов (Қырғызстан)

3 орын - Илгиз Билимов (Қырғызстан)

 

87 келі:

1 орын - Парвиз Муминев (Өзбекстан)

2 орын - Мейірбек Қордасабай  (Жамбыл облысы)

3 орын - Ахмед Сараджев (ОҚО)

3 орын - Умолт Даудов (ОҚО)

 

97 келі:

1 орын - Данияр Шерімбеков (Қырғызстан)

2 орын - Ислам Умаев  (Алматы)

3 орын - Аман Сырлабаев  (Алматы)

3 орын - Лорс Дециев (ОҚО)

 

130 келі:

1 орын - Антон Савенко (Павлодар облысы)

2 орын - Аслан Курбанов  (ОҚО)

3 орын - Абдурашид Гулямкодиров (Өзбекстан)

3 орын - Әлібек Сәрсенғалиев (Маңғыстау облысы)