Төрт қазақстандық боксшы Азия чемпионатында жартылай финалға шықты

АЛМАТЫ. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Серік Қойбағаров/ - Қазақстандық төрт боксшы бұл күндері Қытайда өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты,

Төрт қазақстандық боксшы   Азия чемпионатында жартылай финалға шықты
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұған дейін өткен ширек финалда Дәурен Елеусінов (81 килә) пен Василий Левит (91 киләға дейін) моңғолдық қарсыластарын жеңіп шықты. Сондай-ақ 60 киләға дейінгі салмақтағы Ғани Жайлауов та жеңісімен қуантты. Бұдан бір күн бұрын екі мәрте әлем чемпионы Серік Сәпиев (69 килә) үндістандық боксшыны ұтып, жартылай финалға жолдама алған еді. Бүгін Олжас Сәттібаев (51 килә) Бейжіңдегі олимпиаданың күміс жүлдегері Пуревдорж Сердамбамен сайысқа түсіп, жартылай финалдың соңғы жолдамасы үшін бақ сынайды.