02:02, 24 Сәуір 2014 | GMT +5
Төрт қазақстандық боксшы финалға шықты - ӘЧ
АСТАНА. ҚазАқпарат - София қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында төрт қазақстандық боксшы финалға шықты.
Алғашқы жолдаманы 49 келі салмақ дәрежесінде Шалқар Айдынбай еншіледі. Ол жартылай финалдық бәсекеде Үндістан боксшысы Шуан Какарудан 2:1 есебімен басым түсті.
Тап осындай есеппен тағы екі қазақстандық - Сұлтан Зауырбек (56 келі) Ұлыбритания спортшысы Петер Макграинды, ал Вадим Казаков (81 келі) норвегиялық Вегар Трегренді ұтты. Абылайхан Жүсіпов (60 келі) болса, өзбек боксшысы Икболжан Холдоровты айқын басымдықпен жеңді - 3:0.
Финалдық жекпе-жектер ертең, 25 сәуірде өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.