Төрт күн бойы қираған ғимараттың астында қалған әйел аман қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Нигерияда Лагостағы төбесі ортасына түскен діни орталық ғимаратының астында қалған әйелді төрт күннен соң шығарып алды.
Ол ауруханаға жатудан бас тартып үйіне кеткен.
Әйелдің жарақатты жеңіл, тек қолдары ғана ісінген. Бұл апаттан ажал құшқандардың саны 60-қа жетті, 130 адам жарақаттанды.
«Синагога -барлық ұлтардың шіркеуі» деп аталатын діни ұйымның қонақтарға арналған үйі 12 қыркүйекте аяқ астынан төбесі опырылып түсті. Апаттың неден болғаны әзірге белгісіз болып отыр.