Төрт күн бұрын Балқаш көлінде көліктерімен бірге жоғалған 4 балықшыны іздеу жұмыстары нәтиже бермеді - ТЖМ
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Төрт күн бұрын Алматы облысы Сарқанд ауданында Балқаш көліне көліктерімен бірге балық аулауға кетіп,
қайта оралмаған 4 балықшы әлі табылған жоқ, деп хабарлады бүгін, қаңтардың 15-інде Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Естеріңізге сала кетейік, өткен сейсенбі, қаңтардың 12-сі күні «УАЗ» көлігімен 21-38 жас аралығындағы ауылдың төрт тұрғыны балық аулауға кетіп, қайта оралмағандығы туралы Алматы облысы Қарашаған ауылдық округінің әкімінен алынған хабарға сәйкес, балықшыларды іздеуге Сарқанд ауданының 4 адамы мен бір техникасы, сондай-ақ ауылдың 7 тұрғыны мен 3 жекеменшік көлік жұмылдырылған болатын.
Қаңтардың 13, 14-і күні жүргізілген іздеу жұмыстары нәтиже бермеді. Іздеу бүгін, қаңтардің 15-і күні қайта жалғаспақ.