Төрт күн бұрын суға кеткен екі балықшының бірінің денесі табылды - ТЖМ

АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылы желтоқсанның 6-сында, Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара су қоймасына батып кеткен балықшылардың бірінің денесі табылды,

Төрт күн бұрын суға кеткен екі балықшының бірінің денесі табылды - ТЖМ

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, 30 және 37 жастағы екі азамат қайықпен балық аулау кезінде батып кеткен.

«30 жасар азаматтың денесі суда құтқару қызметінің күшімен кеше, желтоқсанның 10-ы күні шығарылды. Екінші балықшының денесі іздестірілуде», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.