Төрт күнде қызылордалықтар қатары 177 сәбимен толықты
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жаңажылдық мереке күндері Қызылорда облысында 177 сәби дүниеге келді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
2016 жылдың 31 желтоқсаны мен 2017 жылдың 3 қаңтары аралығында 177 нәресте қызылордалықтар қатарын толықтырды. Оның ішінде, Ана мен бала орталығында 118 сәби ата-аналарына қуаныш сыйлады.